Сапалы білім алу және жұмысқа орналастыру кепілі. Ақсу қаласының ішкі істер бөлімі 2016 жылдың 10 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына қабылдау жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі кезде ҚР ІІМ жүйесінде 4 жоғары оқу орны қалыптасқан: ҚР ІІМ Алматы академиясы, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, ҚР ІІМ Қостанай академиясы, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты. ІІМ жоғары оқу орындарында келесі мамандықтар бойынша оқытады: Құқық қорғау қызметі (қылмыстық тергеу, жедел қылмыстық, жедел іздестіру, әкімшілік-құқықтық) Ақпараттық жүйе, Радиотехника, электроника және телекоммуникация (қысқа мерзімде мамандарылған жоғары білім бағдарламасы). Оқу орындарында білім алу жедел әскери қызметті өткеру болып саналады және ішкі істер органдарындағы қызметіне еңбек өтілі болып қосылады. Білім алу кезеңінде оқу орнының тыңдаушылары мен курсаннтары тұрғын үй, киім үлгілер және тамақтанумен қамтамасыз етіледі, шәкірт стипендия алады. Бұлардың барлығы ІІМ арналған республикалық бюджет қорынан, яғни тегін жүзеге асырылады. ҚР ІІМ оқу органдарыны түлектері міндетті түрде аймақтық ІІБ бөліністеріне жұмысқа орналастырылады. Өзге де ақпаратарды алу үшін Ақсу қаласының ішкі істер бөлімі Кадр жұмысы тобына, мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесі 5, №2 әкімшілік ғимараты, №4,6,8 кабинеттері. Байланыс телефондары: 6-31-44 Ақсу қаласының ІІБ

Теги других блогов: білім алу жұмысқа орналастыру ІІМ