АТА-АНАНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ, ҚАУІПСІЗДІГІ
ЖәНЕ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Нәресте әйнектен құлап кетті, күйіп қалды, жараланды, дәрі жұтып қойды, суға батып кетті, жоғалып кетті, көлік қағып кетті... мектеп жастағы балалар дүкенде ұрлық жасады, сыныптасының телефонын тартып алды, бопасалап ақша алды немесе оны бопсалады... Айта берсек, балалардың қатысуымен болған қайғылы оқиғалармен қылмыс тізімі шексіз болар. Осы оқиғалардың болғанына айналадағылардың бәрін кінәлаймыз: коммуналдық кәсіпкерлерді – керек жерді қоршамады деп, құрастырушыларды – тиянақсыз құрылыс үшін, дүкендерді – алыс орналасқан деп, ұстаздарды – қадағаламады, байқамады, түсіндірмеді деп... Айта берсек, жағдайға байланысты бұл тізімде тез бітпес. Бірақ ата-ананы ешкім кінәлі демейді, қайғылы оқиға болғанына жандары ашып, оларға аяушылық көрсетеді. Сол кезде балалардың ата-аналары қайда болды? Не істеді? Неге бұндай жағдайға тап болды деген сұрақтар ешкім қоймайды.
Құрметті ата-аналар, айналадағылардың бәрін кінәламай, баламыздың өмірі мен денсаулығына, туған күнінен бастап кәмелетке толған кезіне дейін ең біріншіден біз жауапты екенімізді ұмытпайық. Кінәсі бар адамдар өз жазасын алады, ал қылмыс жасаған баланың ата-анасы ҚР әкімшілік кодексінің 111 бабы бойынша жазаланады ( 5АЕК-ден бастап 20АЕК-ға дейін) Ал, әр адам үшін ең қайғылы жағдай ол сәбиінің қаза болуы, немесе баласының болашағын бұзатын, қисық жолға түсуі. Егер ересек адам дүниеге сәби әкелсе, оның өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне толықтай жауапты. Сіздердең басқа кім балаларыныздың өзгерушіліктерін, мінез-қылқын, жүріс-тұрысың біліп, жан дүниесін түсіне алады. Абай болыңыздар, ең ауыр жүк ол өз ұжданыздың алдында азап шегу.